2017 жылғы 9 маусымда медицина қызметкерлері күніне орай,Атырау облысының медицина ұйымдарының арасында спартакиада өтті.
Медицина ұйымдарының арасындағы спартакиада бұқаралық спортты дамыту, халықтың басым бөлігін жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, денсаулықты нығайту, жұмысқа қабілеттілікті арттыру және жұмысшылар арасында ауруды төмендету мақсатында өтті.
Жарыс бағдарламасына әртүрлі спорт түрі енді. Медицина қызметкерлері арқан тарту, футбол, волейбол, қашықтыққа жүгіру сияқты спорт түрлерінде және флеш-моб қойылымы бойынша өз күштерін сынады. Спартакиадаға орталығымыздың медицина қызметкерлері белсенді қатысып, әйелдер арасындағы жүгіруден, арқан тартудан және флешмобтан I орынға ие болды.
Ереженің сақталуын қазылар алқасы қадағалап отырды.