1 маусым — Балаларды қорғау күні

Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.
Мереке қарсаңында Атырау облыстық перинаталдық орталығында балаларға арналған мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шара соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етілді.