Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі, ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Атырау облыстық перинаталды орталықта аула ішіне арнайы киіз үй тігіліп, «Наурыз – думан» кеші ұйымдастырылды. Ертемен басталған мерекенің сәнін ұлттық әуендер мен домбыра үні келтіре түсті.
Орталық қызметкерлері ұлттық нақыштағы әдемі киімдерімен ән шырқап, «Қамажайды» мың бұралып билеп өнер көрсетсе, енді бірі қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже мен бешбармақты дәмді жасап, келушілерді таңғалдырды.
Сондай-ақ,мереке аясында түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жарыстардың қорытындысында арнайы сыйлықтар мен марапаттаулар табысталды.