Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Атырау облыстық перинаталдық орталығы” ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс
2023 жылғы 16 қазан мен 24 қазан аралығында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Атырау облыстық перинаталдық орталығы” ШЖҚ КМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.