Атырау облыстық перинаталдық орталығында медицина

Атырау облыстық перинаталдық орталығында медицина қызметкерлері мерекесіне орай салтанатты шара 2017 жылдың 16 маусым күні өтті. Орталықтың бас дәрігер У.Хасанова қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап, дәрігерлерді еңбектері үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Облыстық спартакиядада жеткен қызметкерлерімізді, мерейтой иелерінде құттықтап, сыйлықтар тарту етілді.Сонымен қатар бөлімшелер арасынан да спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

1-орынға 100 000 теңге, 2- орынға 80 000 теңге және 3-орынға 60 000 теңге ұтысқа тігілді.

Жарыс тартысты өтті. Бөлімшелер 6 топқа бөлініп, 4 түрлі сынақтан бақтарын сынады.

Жарыс қорытынды бойынша ақшалай ұтыстар табыс етіліп, қалған 3 топқа әр қайсысына 20 000 теңгеден ақшалай сыйлық берілді.