Қайырымдылық жобасы

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ауласына ” Алтын орда” еріктілер тобы қайырымдылық жобасы аясында белгілі мультфильм кейіпкерлерінің бейнелерін орнатып берді. Атап айтқанда, балалардың сүйіп көретін Маша мен аюдың және сәбиді құстың алып келетініндегі ләйлек құстың (аисты), қоянның тағы басқаларының статуэткалары орнатылды. Орталықтың ауласына бұл персонаждар сән беріп қана қоймай, әрбір келушінің де көңілін көтерері сөзсіз. Осындай игі іс жасаған “Алтын орда” тобының еріктілеріне алғыс білдіреміз.