8-наурыз Халықаралық әйелдер күні

Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялайтын көктемнің төл мерекесі, яғни Халықаралық 8-наурыз әйелдер күніне Атырау облыстық перинаталдық орталығының реаблитация бөлімшесі арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын қойды. Кішкене бүлдіршіндеріміздің ыстық тіліктері мен ән-шашуы бәрімізге көтереңкі көңіл-күй сыйлады. Және де Кәсіп Одақ ұйымының атынан барлық бөлімшеге сыйлықтар таратылып, әрі қарай жігіттеріміздің арнайы жасатқан тәтті тортынан дәм татумен ұласты. Жүрек жарды ақ-тілектер айтылып, алғыс хатпен марапаттауға да уақыт бөлінді.

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі жақсылықтың нышаны болса керек. Іс-шара ұжымымыздың көп бөлігі нәзік жандылар екеніне қарамастан айрықша атап өтілді. Еліміздегі ер азаматтар жан жылуын сыйлайтын көктемнің төл мерекесі тек ыстық лебіз бен сыйлыққа толы болды.